деп хабарлады отырыстың күн тәртібімен таныс дереккөз.
Алдында Қазақстанның ДСҰ қосылуы туралы хаттаманы республика қазан айының соңына дейін ратификациялауға тиіс, деп хабарланған болатын. Бұл туралы шілде айының басында «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасынан хабарланған.
Ратификацияланған күннен бастап 30 күннен кейін Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болмақ.
Қазақстанның ДСҰ енуі жөніндегі жұмыс тобы 22 маусым күні республиканың аталмыш ұйымға мүше болуы жөніндегі келіссөздердің ресми аяқталғандығын мәлімдеген.
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев маусым айының ортасында Петербор экономикалық форумы аясында атап өткендей, Қазақстан мен ЕАЭО басқа елдері арасында импорттық алымдарды теңдестіру мерзімі Қазақстан ДСҰ қосылған соң 6-7 жыл уақытты алмақ.
Ол еске салып өткендей, ДСҰ алдындағы міндеттемелер Қазақстанмен арада ЕАЭО құрылғанға дейін келісілген және олар Ресей мен ЕАЭО-ты тұтас алғанда импорттық тарифтен төмен.