Бұл туралы ҚР Экономикалық ықпалдастық министрi Жанар Айтжанова мәлiм еттi.
"Экономикалық саясатымызды және Қазақстан заңнамасын ДСҰ нормаларына сәйкестендiру жолында Мемлекет басшысының басқаруымен Парламент пен Үкiмет осы жылдарда қыруар жұмыс атқарды. Осылайша, Қазақстанның 50-ге тарта заңы өзгерiске ұшырады. ДСҰ-ға ену үшiн Кедендiк одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың 10 келiсiмiне қажеттi өзгерiстер енгiзiлдi", — деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, келiссөздер Қазақстанның мүддесiне сай және барлық талаптар бойынша тынғылықты жүргiзiлдi.
Себебi, бiзге ұйымға ену емес, ДСҰ-ға қандай талаптармен кiретiнiмiз маңызды болды. Ең басты жеңiсiмiз — жалпы ауыл шаруашылық өнiмiнiң 8,5 пайыз көлемiнде субсидиялауды жүргiзу құқығы. ДСҰ құрылғалы берi мұндай нәтижеге тек Қытай мен Қазақстан қол жеткiзiп отыр. Қытай 2001 жылы ДСҰ-ға мүше болғанын бiлесiздер", — дедi ол.
Сонымен қатар өнеркәсiптi қолдаудың негiзгi тетiктерi де сақталмақ.