ДСҰ тарихында Қазақстан бойынша келiссөздер ең күрделiсі болды - Ж. Айтжанова - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДСҰ тарихында Қазақстан бойынша келiссөздер ең күрделiсі болды - Ж. Айтжанова

ДСҰ тарихында Қазақстан бойынша келiссөздер ең күрделiсі болды - Ж. Айтжанова

ДСҰ тарихында Қазақстан бойынша келiссөздер ең күрделi келiссөздер болды. Бұл туралы ҚР Экономикалық ықпалдастық министрi Жанар Айтжанова мәлiм еттi. 

  • 1 Шiлде 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

"Бiздiң келiссөздерiмiз 19 жылдан астам мерзiмге созылды. ДСҰ Хатшылығының, бiзбен келiссөз жүргiзген iрi мемлекеттердiң пiкiрi бойынша, ДСҰ құрылғаннан берi 1995 жылдан берi бiздiң келiссөздер ең күрделi келiссөз болып табылды.  Өйткенi бiз Кедендiк одақта, 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта мүше болып табыламыз. Сондықтан сұрақтарымыздың жартысы ЕАЭО комиссиясының құзырында болып табылады. Барлық мәселелер бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттермен ақылдаса отырып, осы шешiмдердi қабылдадық", — деп атап өттi министр Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы сауданың ең iрi үлесi ДСҰ мүше мемлекеттерiне тиесiлi. Сондықтан Ж. Айтжанова, елiмiздiң аталмыш ұйымға енуi заңды деп санайды. 

"Бүгiнгi таңда ДСҰ-ға әлемнiң 161 мемлекетi мүше болып отыр. Әлемдiк сауданың 98 пайызы осы мемлекеттердiң үлесiне тиедi. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, 2014 жылдың соңғы деректерi бойынша, бiздiң сыртқы сауда айналымымыз 119,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы сауданың ең iрi үлесi ДСҰ мүше мемлекеттерге келедi. Сыртқы сауданың 40 пайыз үлесiн Еуроодақ елдерi алып отыр. Одан кейiн Ресей — 19 пайыз, Қытай — 18 пайыз, Швейцария — 5 пайыз, Түркия — 3 пайыз болып келедi. Сондықтан бiздiң сыртқы сауда айналымындағы әрiптес мемлекеттердің барлығы ДСҰ мүшелерi болып саналады. ДСҰ-ға өту деген — тек қана сыртқы сауда саясатын ғана емес, өзiнiң экономикалық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп саласындағы саясаттарын осы ДСҰ ережелерi мен құқықтық базасына сай жүргiзедi деген сөз. Ол бiздiң елге келетiн тiкелей шетелдiк инвестицияның көлемiн арттыруға тiкелей себеп болады. Бiз тәуелсiздiк алған бастапқы жылдарда басқа елдермен екi жақты сауда және инвестициялық келiсiмдерге қол қойған болатынбыз. Сол келiсiмдердiң арқасында бүгiнгi күнi бiздiң экономикамызға 200 млрд. долларды құрайтын тiкелей шетелдiк инвестициялары келдi. Ол бiздiң экономикамыздың өркендеуiне тiкелей әсер еттi. Экономикамыздың қазiргi дамуы кезеңiнде бiздiң ең үлкен мақсат — оны әртараптандыру. Бiздiң экспортымыздың 80 пайызы шикiзаттың еншісінде. Сондықтан бiз қазiргi заманғы инвестициялық және сауда келiсiмдерiн жасап жатырмыз", — деп түйдi Ж. Айтжанова. 

Еске сала кетейiк, 22 маусымда Қазақстан Президентi Н. Назарбаев елiмiздiң Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру бойынша келiссөздердiң аяқталғандығын мәлiм еткен болатын.