Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Дубайдан Бішкекке бет алған Flydubai ұшағы бейсенбі күні таңертең Бахрейннің Gulf Air авиакомпаниясының ұшағымен ұшу-қону жолағында соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

  • 22 Шiлде 2021
  • 40
Фото - Caravan.kz

Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар басқа рейспен ұшуға мәжбүр болды.

"Flydubai-дың Дубай халықаралық әуежайынан Бішкек халықаралық әуежайына бағытталған Boeing 737-800 ұшағы мен ұшу-қону жолағындағы басқа ұшақтың қатысуымен апат болды. Ұшақтар автотұрақ кіргізілді. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Олар басқа рейспен ұшуға мәжбүр болды. Алдағы уақытта оқиғаны тиісті органдар тексеретін болады", — деді тасымалдаушы компанияның ресми өкілі.

Өз кезегінде Бахрейн Корольдігінің ұлттық тасымалдаушысы Gulf Air "Дубай халықаралық әуежайында басқа ұшақ корольдік ұшағына соқтығысу нәтижесінде ұшақ әуеге көтерілмегенін хабарлады.