Дубайда 3D принтерден шығарылған ғимарат ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда 3D принтерден шығарылған ғимарат ашылды

Дубайда 3D принтерден шығарылған ғимарат ашылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубайда алғаш рет 3D принтерден шыққан ғимарат ашылды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

  • 25 Мамыр 2016
  • 579
Фото - Caravan.kz

Мәліметтер бойынша, бұл дүниежүзінде 3D принтерден шыққан алғашқы ғимарат. Оның ішінде қызметкерлерге арналған кеңселер бар. Мамандар осы арқылы құрылыс жұмыстарына кететін уақытты 50-70 пайызға дейін, ал шығын көлемін 50-80 пайызға дейін азайтуына болатынын айтты.

Қала басшылығының хабарлауынша, жаңа орталықтағы кеңселер арнайы қосылған цемент арқылы тұрғызылды. Ал істің қаншалықты сәтті жүзеге асқанын білу үшін Ұлыбритания мен Қытайда арнайы сынақтардан өткізілген.


Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайды. Доға тәрізді ғимараттың құрылымына 17 күн уақыт кетті. Сонымен қатар, барлығы 140 мың доллар жұмсалған. Бұл Дубай фондының уақытша штаб-пәтері болмақ.

Болжам бойынша, 2030 жылға таман Дубайдағы ғимараттардың төрттен бір бөлігі 3D принтер арқылы құрастырылып шығарылады.