Дубайда адам өлтірген қазақстандықтың жазаcы тағы да күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда адам өлтірген қазақстандықтың жазаcы тағы да күшейтілді

Дубайда адам өлтірген қазақстандықтың жазаcы тағы да күшейтілді

Дубай соты жігітін өлтірген қазақстандық әйелдің түрмедегі мерзімін ұзарту туралы шешім шығарды.

  • 19 Маусым 2017
  • 518
Фото - Caravan.kz

Дубайдың апелляциялық соты отандасымызға қатысты қылмыстық істі қайтта қарады. Бұған дейін ол жігітін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оның мерзімі 15 жылға ұзартылды, деп хабарлайды Russianemirates.com

Оқиға 2014 жылы 16 тамызда болған. 33 жастағы қыз палестиналық жігітін пышақ сұғып өлтіріп, кейін қасына ұйықтап қалған еді.

Қолға түскен күдікті кейін өзін тастап кетпек болған ер адамға көлік әперіп, ақша бергенін айтқан. Қылмыс жасалған кезде әйелдің мас болғаны анықталған.


Ал былтыр жергілікті сот оны қасақана кісі өлтіргені үшін және үйленбей тұрып жыныстық қатынасқа түсіп, ішімдік ішкені үшін кінәлі деп тапты.

Соңғы жаңалықтар