Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады.

  • 14 Ақпан 2018
  • 117
Фото - Caravan.kz

6-шы Бүкіләлемдік үкіметтік саммитте осындай жоба таныстырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасай отырып.

Шараға 140 елден келген 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Таксидің жаңа түрін шығару бастамасын Германияның Volocopter компаниясына ынтымақтастық жасауды ұсынған Дубай жол және көлік басқармасы көтерді.

Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері — көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды. 

Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар