Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

 Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

  • 2 Ақпан 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с-қа, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі көктайғақ болады.


Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.