Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

25 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте,  солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал

Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің екпіні 15-20, күшейіп 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.


Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін суытады.