Жарияланды: 650

Дүниежүзі елдеріне ядролық қаруды көбейтудің мәні жоқ - Ахмадинежад

Дүниежүзі елдеріне ядролық қаруды көбейтудің мәні жоқ, деп мәлімдеді бейсенбіде Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

"Ядролық қаруды пайдалану дәуірі аяқталды. Енді атом бомбалары пайдасыз, заманауи саяси шынайы өмірден артта қалып отыр", деп мәлімдеді ирандық президент Индонезияда журналистерге Демократиялық форум барысында. Сонымен қатар М.Ахмадинежад өз елінің ядролық қару әзірлемек ойының жоқ екендігін тағы да қайталап айтты. "Иран халқына атом бомбасы керек емес. Өзімізді қорғау үшін ядролық қарудың керегі жоқ", деді ол. Иран президенті атап өткендей, кез-келген мемлекеттің үкімет жетекшілері елге келіп, мұнда ядролық қарудың шығарылмайтындығына көздерін жеткізе алады. Батыс елдері болса Тегеран ядролық қару жасауда, деп қауіптенеді. Иран бұл айыптауларды жоққа шығаруда, ядролық бағдарлама бейбіт мақсатта ғана жүргізілуде, деп атап өтуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін