Жарияланды: 470

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында 8-шілдеде таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,57 процентке қымбаттады

8-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,57 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,57 процентке қымбаттап, әр барреліне 27,99 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,30 процентке қымбаттап, 30 доллар 22 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть