Жарияланды: 450

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,11-0,67 процентке арзандады

1-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,11-0,67 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздық фьючерсінің бағамы 0,11 процентке арзандап, әр барреліне 28,28 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының 2003-жылдың тамыз айындағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,67 процентке арзандап, 30 доллар 39 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін