Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,79-1,06 процентке арзандады
2-шілде күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,79-1,06 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне 27,98 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,06 процент арзандап, 30 доллар 15 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін