Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,08-2,20 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,08-2,20 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,08-2,20 процентке арзандады

19-қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,20 процентке , NYMEX шикізат биржасында 1,08 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 20 Қараша 2003
  • 387
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,78 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,08 процентке арзандап 32 доллар 92 центті құрады.