Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,76-2,83 процентке арзандады
4-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,76-2,83 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Сәрсенбі күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы 1,76 процентке арзандап, әр барреліне 26,80 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,83 процент арзандап, 29 доллар 83 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін