Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,17-3,01 процентке арзандады
26-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,17-3,01 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 2,17 процентке арзандап, әр барреліне 27,06 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,01 процентке арзандап, 29 доллар 01 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін