Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады
5-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,39-3,29 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Бейсенбі күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы 2,39 процентке арзандап, әр барреліне 27,44 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,29 процент арзандап, 30 доллар 81 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін