“Дұрыс емес, өзгертсін”: Итке “Ғарышкер” деген ат қойған Димаштың басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дұрыс емес, өзгертсін”: Итке “Ғарышкер” деген ат қойған Димаштың басы бәлеге қалды

“Дұрыс емес, өзгертсін”: Итке “Ғарышкер” деген ат қойған Димаштың басы бәлеге қалды

Ақын Ұлықбек Есдаулет тазы итіне "Ғарышкер" деген ат қойған Димаш Құдайбергенді қатаң сынға алды.

  • 6 Қараша 2023
  • 6195
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеумікке желіде пікір қалдырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Берік бауырым, Димашқа айтыңдар. "Ғарышкер" деген атты итке қойған дұрыс емес. Өзгертсін!

Қазақ тазысы Лайка емес! Біздің қазақта бұл тазы ит  сыйлағанға дейін ұшқан ғарышкерлер барын ескеруі керек!

Жақсы ниетпен сыйланған сүйкімді сыйлықтың құнын төмендетпеңдер. Ғарышкер ағаның ерлігіне көлеңке түсіруге болмайды", — деп пікір білдірді ақын Ұлықбек Есдаулет.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергенге тазы ит сыйлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар