Душанбеде Еуропалық комиссияның қайырымдылық көмек бөлімінің зілзалаларға дайындық бағдарламасының бірінші аймақтық консультативтік отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Еуропалық комиссияның қайырымдылық көмек бөлімінің зілзалаларға дайындық бағдарламасының бірінші аймақтық  консультативтік отырысы өтеді

Душанбеде Еуропалық комиссияның қайырымдылық көмек бөлімінің зілзалаларға дайындық бағдарламасының бірінші аймақтық консультативтік отырысы өтеді

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 14-16 қарашада Еуропалық комиссияның қайырымдылық көмек бөлімінің зілзалаларға дайындық бағдарламасының (DIPECHO) бірінші аймақтық консультативтік отырысы өтеді. Бұл туралы агенттікке Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінен хабарлады.

  • 14 Қараша 2007
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Конференцияға барлық Орталық Азиялық мемлекеттер, әріптес бейресми ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері, донорлар мен сарапшылар қатысады. Бұл стратегиялық басымдықтар жайлы талқылап, барлық тауқыметтерді мейлінше қол жетімді деңгейде шешуге мүмкіндік береді», — делінген өкілдік хабарламасында.

Еурокомиссиның ақпаратына сәйкес, Душанбедегі кездесуде ағымдағы бағдарламалар мен Орталдық Азиядағы бесінші DIPECHO іс-шаралар жоспары талқыланады.

«Кейінгі төрт жылда Еуропалық Комиссияның қайырымдылық көмек бөлімі (ECHO) Орталық Азияда 15,5 млн евроға төрт бірдей DIPECHO іс-шаралар жоспарын жүзеге асырды. Ендігі жерде бесінші іс-шаралар жоспарын жасайтын мерзім жетті», -деп хабарлайды комиссиядағылар,

DIPECHO бағдарламасы (зілзалаларға дайындық бағдарламасы) табиғи апаттар жиі болып тұратын аумақтарда зілзалаларға дайындалу жөніндегі жобаларды қаржыландырады.

Бағдарлама Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанда жұмыс істейді. Оған себеп, «бұл елдердің тұрғындарына жер сілкінісі, лай көшкін және су тасқыны секілді кең ауқымды зілзалалар қаупіне тұрақты төнеді», делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті