Душанбеде президент сарайының жанында қуатты жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде президент сарайының жанында қуатты жарылыс болды

Душанбеде президент сарайының жанында қуатты жарылыс болды

Душанбе. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан астанасы Душанбеде бүгін президент сарайынан 300 метр жерде қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды агенттік Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, жарылыс шамамен 6 сағат 10 минутта «Кохи Вахдат» сарай кешені ғимаратының жанында болған, бұл жерде бүгін халықаралық конференция ашылып, онда ел үкімет басшысы сөз сөйлеуге тиіс еді.

Оқиға орнын қоршауға алған ІІМ қызметкерлерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір адам қаза тапқан. Қазір иісшіл иттері бар мамандар аумақты тексеріп жатыр.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Касым Гафаровтың агенттікке телефон арқылы хабарлағанындай, жарылыс салдарынан кешеннің күзетшісі мерт болған, ол конференция басталар алдында аумақты тексеріп жүрген.

«Ол ғимараттың сол жақ қырына сүйеп қойған пластик пакетті көріп, оны ұстаған. Осы сәтте жарылыс болды. Күзетші сол жерде қаза тапты. Ғимараттың сол жағындағы терезелер түгел күлпарша болды», -деді К. Гафаров.

Жарылыс дерегі бойынша қалалық прокуратура қылмыстық іс қозғады, алайда күш құрылымдарының өкілдері қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарламай отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті