Жарияланды: 570

Душанбеде Сангвор СЭС салу туралы тәжік-қытай келісіміне қол қойылмақ

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Сангвор су электр станциясын салу туралы келісімге Тәжікстан Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі мен Қытайдың China Theban Electric Apparatus Stock Co LTD компаниясы жақын арада қол қояды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның Энергетика және өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының басшысы Ху Цзиньтаоның Душанбеге жасайтын алдағы ресми сапары барысында қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сангвор СЭС Хингоб өзенінде орналасады. СЭС жобалық қуаты - 800 МВт. Су электр станциясының пайдалы көлемі 1,5 млрд текше метрді құрамақ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть