Жарияланды: 480

Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтеді

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 12-13 тамызда ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар бірінші күні комитеттің биылғы жылдың бірінші жартысындағы қызметін қорытындылап, ТМД елдерінің біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің 2009 жылға арналған бірлескен шараларының жоспарын талқылайды. Сондай-ақ, өңірлік командалық пункт туралы ережелер, ТМД елдерінің біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің құрылымы, әскерлер тобының жауынгерлік құрамы және басқа да мәселелер талқыланады. Екінші күні үйлестіру комитетінің мүшелері оқу-әдістемелік жиынға қатысады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін