Джалал-Абадтағы қазақстандық студенттер көшіріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джалал-Абадтағы қазақстандық студенттер көшіріле бастады

Джалал-Абадтағы қазақстандық студенттер көшіріле бастады

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі Джалал-Абад қаласындағы Қырғыз-Түрік лицейінде оқитын Қазақстандық 37 студентті көшіре бастады. Бұл туралы бүгін, 24-наурызда KZ-today тілшісіне елшіліктің консулы Төлеуғазы Ойхунбаев хабарлады.

  • 24 Наурыз 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең республиканың оңтүстігіне Джалал-Абадтағы қазақстандық студенттерді алып қайтуға тиіс 4 автобус жіберілді. Көліктер ертең таңертең Бішкекке келіп жетеді. Елшіліктің бір қызметкері студенттермен бірге келеді.

Төлеуғазы Ойхунбаевтың айтуынша, республиканың оңтүстік аймақтарындағы ереуілдерге байланысты банкоматтар жұмыс істемей қалғандықтан, ақшаларын ала алмай қалған студенттер елге Бішкек арқылы оралуға тілек білдірген.
Бішкекке келгеннен кейін студенттер Қордай шекара өткелегіне дейін жеткізіледі. Олардың басым бөлігі Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысында тұрады.
Жалпы алғанда Қырғызстанда тұрақты тұратын 197 Қазақстан азаматы консулдық қызметте тіркеуде. Олардың басым бөлігі Бішкек жоғары оқу орындарында оқитын студенттер. «Біз олардың барлығымен де байланысқа шығып, қала көшелеріне аяқ баспауға кеңес бердік»,- деді консул.
Елшіліктің бағалауынша, Қырғызстанда барлығы 1 мыңдай еліміз азаматтары бар.

Перейти к новостям спорта