Джохар Царнаев Колорадо түрмесіне жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джохар Царнаев Колорадо түрмесіне жеткізілді

Джохар Царнаев Колорадо түрмесіне жеткізілді

АҚШ-тың алқа билер соты өлім жазасына кескен 21 жастағы Джохар Царнаев ең қатаң жазалы саналатын Колорадо штатындағы түрмеге жеткізілді.

  • 26 Маусым 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Флоренс қаласындағы «Супермакс» деген атпен әйгілі түзеу мекемесін «Құзды Алькатрас» деп те атайды. Онда 2001 жылғы терактіге қатысы бар қылмыскерлердің бірі Закарияс Моссоуи, Дүниежүзілік сауда орталығына 1993 жылы қастандық жасамақ болған Рамзи Юсиф пен Ричард Рейд сияқты атақы айыптылар жазасын өтеуде. Д.Царнаевқа темір тордан жеке орын берілмекші. Алайда оның нақты қай уақытта өлім жазасына кесілетіні әлі белгісіз. Себебі сот үкіміне жасалған қарсы шағым ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Бостон жарылысына кінәлінің өлім жазасы Индианадағы түрме режиміне ауыстырылуы да ықтимал. Ақпарат 
http://24.kz/kz
 сайтынан алынды.