Дзюдодан чемпион Путинді жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдодан чемпион Путинді жарақаттады

Дзюдодан чемпион Путинді жарақаттады

Ресей президенті елдің бокс, дзюдо, еркін күрестен құрама командаларымен жаттығу жасады.

Олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен спарринг кезінде оң қолын жарақаттап алды. Бірақ оған кәдімгі пластырь жабыс?

  • 15 Ақпан 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен спарринг кезінде оң қолын жарақаттап алды. Бірақ оған кәдімгі пластырь жабыстырғаннан кейін Путин жаттығуын жалғастырды. Ол татамиде сағатқа жуық күресті.

Мемлекет басшысы жаттығу жасап болған соң спортшылармен әңгімелесті. Айтуынша, дзюдомен айналысқанда оның көңіл-күйі көтеріліп, әлемге басқаша қарайды екен.

«Өмірге басқаша қарайсың. Барлық нәрседе жолың бола бастайды», — деді ол.

Путин шығыс жекпе-жегімен 11 жастан бастап шұғылданған. Дзюдо және самбо мастері. Каратэден қара белбеуі бар.

Соңғы жаңалықтар