Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде қарсыласынан жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде қарсыласынан жеңілді

Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде қарсыласынан жеңілді


Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

  • 28 Шiлде 2021
  • 399
Фото - Caravan.kz

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев бірінші айналымда бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта "иппон" ұпайымен жеңіп, келесі айналымға шыққан еді

Алайда ол әзірбайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, "вазар" ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аляқтады. Ел қоржынына қола жүлдені
Елдос Сметов ұтып алған
болатын.