"Еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін 500 мың теңге сұрайды": Дәулет Мұқаев Қызылорда мен Шымкенттегі жемқорлық туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін 500 мың теңге сұрайды": Дәулет Мұқаев Қызылорда мен Шымкенттегі жемқорлық туралы

"Еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін 500 мың теңге сұрайды": Дәулет Мұқаев Қызылорда мен Шымкенттегі жемқорлық туралы

ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздің оңтүстік өңіріндегі жемқорлық туралы пікір білдірді.

  • 9 Ақпан
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы депутат әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы.

"Жемқорлық барлық салада бар. Жемқорлық жоқ деген сала жоқ. Бала дүниеге келгеннен бастап қайтыс болғанға дейін, сөздің ашығы керек. Құдай сақтасын, адам өле қалатын болса, Алматыдағы таудың маңайы, Кеңсай зиратының маңайы. Одан кейін бала дүниеге келсе, жақсы дәрігер, жақсы перзентхана керек деп тағы іздейді. Одан кейін балабақша, мектеп кетеді.  Одан кейін айтып отырғанымыздай бала университетке түседі. Одан кейін үйленіп, отбасы болған кезде не керек? Үй керек. Оны cалу үшін үйдің кезегіне тұру керек. Жұмысқа орналасады. Осы саланың барлығында жемқорлық. Маған әсіресе, Қызылорда мен Шымкенттен көп хат жазады. Мысалы, жәй ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды екен. Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 миллион болып кеткен", — деді Дәулет Төлеутайұлы. 

Желі қолданушылары депутаттың бұл мәлімдемесін қоғамдың ашы шындығына балап, өз пікірлерін жарыса жазуда.

"Парамен ұсталғандар парамен шығып кетіп жатыр", "Өлім жазасы немесе екі қолын кесуге бола ма?", "Қызылордада ставка 1,5 млн  емес, кемі 2-3 млн сұрайды, тексеріңіздер, әсіресе Жаңақорғанды", ""Антикорға антикор керек қой", "Жемқорлықпен күресетіндердің өзі жемқор ғой", "Ауылды жердің директорын, дәрігерін тексеру керек", — деп жазды олар.

 

Соңғы жаңалықтар