Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей 2021 жылдың қаңтар айынан бастап сүт өнімдерін таңбалауды енгізуге ниет танытып отыр. Пікірталас тудыратын мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланады. Бұл туралы ЕЭК алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина айтты.
"Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды таңбалау жөніндегі келісім жасалғанын ескеріп отырмыз. Одаққа мүше-елдер өз аумағында бұл жаңашылдықты енгізу датасын өздері белгілейді. Комиссияны ескертуі тиіс", — деді Малкина.
Оның айтуынша, одаққа мүше әрбір елде таңбаланбаған өнімді сатуға тыйым салудың кезеңдері нақты айқындалуы маңызды. Бұл мемлекеттер нарығын таңбалауды енгізуге дайындайды.
"Мұндай бақылаудың оң тұсы — тұтынушылар құқығын қорғау және нарықтағы заңсыз айналымды азайту", — деді Малкина.
Бұған қоса, өнімді таңбалау бәсекеге қабілеттілікті арттырады.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей енеді. Молдова одақ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.