ЕЭО туралы келісімшарттың мәтінін 2014 жылдың мамыр айына қарай келісу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕЭО туралы келісімшарттың мәтінін 2014 жылдың мамыр айына қарай келісу көзделіп отыр

ЕЭО туралы келісімшарттың мәтінін 2014 жылдың мамыр айына қарай келісу көзделіп отыр

РФ президенті Владимир Путин ресейлік парламенттен құжат Ресей, Беларусия, Қазақстан парламенттеріне түскен бойда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді басымдық тәртіпте қолдауды сұрады.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

"Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты дайындаудың шешуші сатысына жақындадық. 2014 жылдың 1-мамырына қарай келісімшарттың мәтіні бойынша келісіп, ол Ресей, Беларусия, Қазақстан парламенттеріне түсетін болар, деп санап отырмыз", деді В.Путин бейсенбіде Федералды Жиналысқа арнаған жолдауында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Кеден одағына Армения мен Қырғызстанның қосылуына байланысты үрдіс басталған.