"Егер дін, қараңғылық тереңдеп кіре берсе, қазақ 73 ағымға бөлініп алып бірін бірі қыратын болады" - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Егер дін, қараңғылық тереңдеп кіре берсе, қазақ 73 ағымға бөлініп алып бірін бірі қыратын болады" - Ахметбек Нұрсила

"Егер дін, қараңғылық тереңдеп кіре берсе, қазақ 73 ағымға бөлініп алып бірін бірі қыратын болады" - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила тағы да дін мәселесін қозғады.

  • 31 Қазан 2023
  • 1950
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біз бұл азаматпен қанымыз бір Қазақпыз. Мен Серікжан Білашпен де, осы сөзді айтып тұрған азаматпен де өмірде кездеспегенмін, "алты аласымыз, бес бересіміз жоқ"..

Енді өз қандасын, өзіне "әй" деп сөз айтпаған, титтей де қиянат жасамаған ағасын "Шайтан" деп неге ауыр сөздермен қорлайды? Бұл азамат қайта барынша "мәдениеті, көркем" сөйлеп тұр ғой..

Басқаларының сөзін естісең ата жауына ондай сөз айтпас, өйтіп қарғап сілемес.. Не үшін? Өз қандасың, өз ұлтыңның азаматы ғой! Саған зәредей жаманшылық жасап, бір ауыз сөз айтпады ғой..

Міне діннің қазаққа бергені, кейінгі 30 жылдың жемісі..

"Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деген Абай атамызыдң сөзі қайда қалды?

Бір "ұстаздарды" тыңдасаң "Сен мұсылмансың сені Аллаһтың ерекше қамқорлығындасың, Аллаө кәпірлердің жолын қылмай қояды" дейді..

Екінші бір "ұстаздар" мұсылмандар жер бетінде кедей болады, тек зорлық зомбылық "сынақ" көреді дейді..

Ал өздеріне қарасаң "беттерінен бит тайып жығылады"))) Миллиондаған доллар тұратын коттеджде, жүздеген мың доллар тұратын көліктер мініп жүреді..

Егер дін, қараңғылық тереңдеп кіре берсе, өскелең ұрпақ дәңкеш бола берсі ат төбеліндей, айрандай ұйып отырған қазақ 73 ағымға бөлініп алып бірін бірі қыратын болады!

Оян Қазақ!", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Соңғы жаңалықтар