Егер сол офицерлер тығылып қалмағанда, олар тірі қалар ма еді - Айна Қалиева - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егер сол офицерлер тығылып қалмағанда, олар тірі қалар ма еді - Айна Қалиева

Егер сол офицерлер тығылып қалмағанда, олар тірі қалар ма еді - Айна Қалиева

5 маусымда Ақтөбеде бірнеше адам қаза тапқан қарулы шабуылға бір жыл толды. Былтыр дәл осы осы күні бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, кейін әскери бөлімді басып алуға әрекеттенеді.

  • 5 Маусым 2017
  • 12454
Фото - Caravan.kz

Қанды оқиға барысында жеті адам қаза тауып, 40-қа жуығы жараланды. Ақтөбедегі 6556 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет еткен әскери қызметкер Берік Қалиев қаза тапқандардың бірі.

Марқұмның қарындасы бір жылдан кейн Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне сұхбат беріп, ой бөлісті.

— Біз өзіміз Ақтөбеде тұрамыз, анамыз Оралда тұрады. Бауырымызды өзінің туған жеріне әкесінің қасына апарып жерледік. Мен жалғыз қарындасымын.Қайтыс болған адамның артынан не айтуға болады, кімге де болса оңай емес қой.Сағынамыз, іздейміз. Артынан қалдырған ерлігін, батырлығын айтамыз, өшпес із қалдырып кетті. Соған шүкіршілік етіп, өзімізді жұбатуға тырысамыз. Анама да айтып қоямын «кез келген адам өйтіп атақ-аброймен ана дүниеге кетпейді», деп.Тағдыр солай болды деп қана қоямыз.

Өзінің отбасы қалды. Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Олар өздері Оралда, облыста тұрады. Бізбен араласуға ешқандай құлқы жоқ. Балаларына анам барып тұрады, көріп тұрады.

Беріктің қазасы анасына қатты тиген шығар, ауыртпалықты қалай жеңді?

— Әрине, өте қиын болды. Анам баласы отбасылы болған кезде де "жақсы болып кетсе екен" деп үнемі алаңдап жүретін. Басында көп ойлап, көп уайымдап ауырып қалатын. Қазір енді ұмытсын, денсаулығын түзесін деп демалдырып санаториге жіберіп жатырмыз. Әрине қанша жыласақ та жоғалтқан адамды қайтып келтіре алмаймыз. Қазір анамды басқа балаларың аман болсын, немерелерің аман болсын, деп жұбатуға тырысамыз.

Беріктің бірге жұмыс істеген қызметтестерін, офицерлерін танушы ма едіңіздер?

— Иә, кеше жылын өткізгенде Ақтөбеден жігіттер келді бірге істеген. Құран бағыштап, жылын атқарысып кетті. Мен өз басым оларды дұрыс танымаймын. Бірақ анам Ақтөбеге барған сайын қонақ қылып, сыйлап жатады. Кезектесіп шақырып алып әңгімелесіп, Берікті еске алып отырады екен. Ертең әскери бөлімде еске алу шарасы өтеді. Соған бара жатырмыз. Мемлекет көмектесіп жатыр отбасына, бірақ біз не алып жатыр не қойып жатыр, сұрап жатқанымыз жоқ. Бір анығы отбасына жақсы көмектесіп жатыр.


Сондағы барлық офицерлер қорқақ болып шықты, жасырынып жатыпты деген сөздердің тарауы отбасына, туыстарына қалай әсер етті?

 — Жалпы, тап сол жерде болмағансын, нақты бірдеңе айту қиын. Барлығын бірдей деп айтуға болмайды. Тығылып қалыпты дегендердің соты болып жатты. Олар да қорқып тығылған жоқпыз деп өз пікірін айтуда. Мен қосымша күш жақыруға кеттім дейтін көрінеді. Менің ойымша өзі ант беріп, әскери болған соң қызметін адал атқарған дұрыс шығар деп ойлаймын. Мүмкін сол офицерлер солай істемегенде ана қаза тапқандар тірі қалар ма еді. Пендеміз ғой, бірақ тап сол жерде өзің болғанда қандай жағдай болар еді, қалай әркет жасар едің деген ой келеді. Тек қана сол офицерлердің де кінәсі емес шығар. Толық дайындық болмаған дейді. Кез келген адамның басында болуы мүмкін еді ғой.Біреуді кінәлаудан аулақпын. Олар да бір үйдің отағасы, біреудің әкесі, біреудің баласы. Шынымен солай болды ма? Кінә артудан аулақпын.

Бірақ бәрібір оларға деген өкпе, реніш қалған шығар?

— Телевизордан көргенде, сотта пікірлерін айтып жатқандағы түрлерін көргенде ренжисің. Жұмыстарын адал атқармағандары, ең жауапты адамдардың қашып кеткені ауыр тиеді. Жаныңа батады.

Сол офицерлер кейін алдарыңыздан өтіп, кешірім сұрады ма?

— Жоқ, кешірім сұрап келген жоқ. Ондай қадам жасайтындай жағдайда болды ма, болмады ма білмеймін. Бірақ келіп, кешірім сұраған жоқ. Беріктің денесін өзге фицерлер ұшақпен алып келді.

Берік сіздер үшін батыр адам ғой?

— Әрине, әйтпесе кез келген адамға ондай құрмет көрсетілмес еді ғой. Ол өзінің қызметін адал атқарып кетті.

Артында қалған балаларына қаншалықты қиын болды?

— Әкеден айырылу оңай емес қой, қиналады. Кішкентайлары әлі күнге дейін әкелерінің жоқ екеніне сеніңкіремейді. Суреттерін көргенде "бұл әкем, оны сағындым", деп айтып отырды. Сабақ үлгерімдері жақсы, бұрыннан да жақсы оқитын. Оларға көп көмек жасалды. Үш бөлмелі пәтер берілді. Жұмысынан қаржылай көмек көрсетілді. Біраз көмек тиді. 

Айна ҚалиеваАйна Қалиева

Соңғы жаңалықтар