Жарияланды: 590

Егіндіктер бойынша әлемде Қазақстанның әлеуеті ең жоғары - мәжіліс депутаты

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Егіндіктер бойынша әлемде Қазақстанның әлеуеті ең жоғары. Бұл туралы кеше "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында ҚР парламенті мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мәдинов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның мәліметінше, Еуропада бір адамға 57 гектар егіндік жерден келетін болса, АҚШ-та - 574 гектар, Ресейде - 863 гектар, ал Қазақстанда - 2 мың гектардан асады. "Яғни, түрлі дақылар егуге болатын егіндік жерлердің көлемі бойынша Қазақстан әлеуеті жағынан әлемдегі ең жоғары ел", -деді Р. Мадинов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін