«Мұхаммед Мурси елде қауіпсіздік пен тұрақтылықты шайқалту мақсатында шет мемлекетке ұлттық қауіпсіздік саласындағы құпияны бергені және Иранның Сақшылар корпусына құпия баяндамаларды жария еткені үшін айып тағылды», деп отырыс барысында прокуратура өкілі мәлімдеді.
Жексенбі күні Каирде тыңшылық туралы іс бойынша екінші тыңдаулар өтті, бұл іс бойынша М. Мурси мен 35 адам, оның ішінде «Мұсылман бауырлар» қозғалысының лидерлері тартылған. Олар өз атына тағылған айыппен келіспей отыр.
Келесі тыңдаулар 27 ақпанда өтеді.