Апат себебін анықтаушы комиссия өкілдері онда лайнердің ұшу параметрлеріне қатысты ақпараттың барын растап отыр. Алдағы уақытта өздігінен жазу құралы Мысырға жіберіледі. Естеріңізде болса, 19 мамырда Парижден Каирге бет алған EgyptAir компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Келесі күні оның сынықтары Жерорта теңізінен табылған. Әуе кемесінің бортында отырған 66 адамның барлығы қаза тапты. Ал апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.