Оның бірін Ұлыбритания ғалымдары жасап жатса, екіншісін Қытай мен Жапония бірлесіп шығаруда. Соңғылары тіпті вакцинаны науқасқа қолданып та үлгерген. Нәтижесі жаман емес деседі. Қауіпті безгекке қарсы емді сондай-ақ Америка мен Еуропа зерттеу орталықтары да әзірлеп жатыр. Халықаралық ұйымның есебінше, сынақтың өзіне 1 жарым млрд доллар жұмсалған. Бүгінде Эболаны жұқтырғандар саны Африкада 14 мың жетсе, қаза тапқандар 5 мың адамнан асқан. Әсіресе, кесел ошағы — Гвинея, Либерия және Сьерра-Леионда жағдай қиын. Сақтық шарасы Қазақстан да қатаң жүргізіліп жатыр.