Экономика министрлігі Кедендік одақтың тиімді тұстарын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрлігі Кедендік одақтың тиімді тұстарын атады

Экономика министрлігі Кедендік одақтың тиімді тұстарын атады

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов VII Астана экономикалық форумында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Қазақстан үшін тиімді тұстары жайында айтып берді.

  • 21 Мамыр 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Кедендік одақтың және бірыңғай экономикалық кеңістіктің тездетіп құрылуы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарларын кемітуге мүмкіндік беріп, үш мемлекеттің қосымша кіріс көздерін кеңейтуге жол ашты. 2013 жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы сауда айналымы 24 млрд. доллардан асты», — деді Т.Жақсылықов.

Оның мәліметтері бойынша, кондитерлік және шоколад өнімдерінің экспорты 3 есе, трансформаторлардың экспорты 11 есеге дейін артты. Сонымен қатар Беларусь пен Ресейге жөнелтілген жүк көліктерінің саны 17 есеге дейін, цементтің сыртқа сатылатын бөлігі 16 есеге артқан.

«Кедендік одақ құрылғалы көліктік құралдардың, қара металдан жасалған дайын өнімдер, пластмасса, резеңке, қағаз, тұрмыстық заттар өндірісі дамуының оң үдерісі байқалуда. КО мен БЭК дамуы инвестициялық климатты оңтайландырға бағытталған. Қазақстан мен Ресей ТМД елдері арасында инвестиция тарту бойынша бірінші орындарда тұр. Кедендік одақ құрылғалы бері Қазақстанның өңдеуші салаларына келіп түскен шетел инвестицияларының көлемі екі есеге дейін жоғарылаған. Егер 2009 жылы ол 1,8 млрд. доллар шамасында болса, 2012 жылы 3,4 млрд доллар деңгейінде тіркелді. Оның үстіне жалпы инвестициялар 34 пайызға артып, 28 миллиард долларды құрады», — деп атап өтті ол.

«БЭК елдерінің экспортқа бағытталған өндіріс орындары Еуропа мен Азия құрлығындағы мемлекеттерге шығудың қосымша мүмкіндіктеріне қол жеткізді.