Экономика министрлігі Қазақстанда инфляция дәлізін 8-10% дейін көтерді
![]() |
Қазақстанда инфляция 6-8% делінген дәліздің жоғарғы шегінен асатын болады, |
деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
"Инфляция деңгейі 2015 жылы 6-8%-дан 8-10% -ға дейін арттырылады", деді Е.Досаев бейсенбіде сенатта 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті таныстырған кезде.
Өткен сәрсенбіде Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың хабарлауынша, биылғы жылы инфляция жоспарланған 8% жоғары болмақ.
Қазан айының соңына қарағанда инфляция жылдық тұрғыдан алғанда 9,4% құрады.
2014 жылы инфляция 7,4% болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін