Экономика өсімі 2008 жылы 3,4 пайызға дейін төмендеуі мүмкін - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика өсімі 2008 жылы 3,4 пайызға дейін төмендеуі мүмкін - БҰҰ

Экономика өсімі 2008 жылы 3,4 пайызға дейін төмендеуі мүмкін - БҰҰ

Нью-Йорк. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономика өсімі 2008 жылы 3,4 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы кеше Нью-Иорктегі ұйымның штаб-пәтерінде БҰҰ "Әлемдік экономиканың хал-ахуалы және 2008 жылғы жоспар" атты жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

Баяндамада көрсетілгеніндей, басты мәселе АҚШ-та жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің төмендеуі және дамушы елдер арасында әлемдік экономиканың локомативі болып отырған АҚШ -тың орнын баса алмауында.

Баяндама авторларының пікірінше, әлемдік экономиканың тұрақты дамуына АҚШ жылжымайтын мүлік нарығының қарқынды даму кезеңінің аяқталуы, әлемдік нарықтағы несиелік дағдарыстың жалғасуы, басқа шетелдік валюталарға қарағанда АҚШ доллары бағамының төмендеуі, мұнай құнының қымбаттығы негізгі қауіп тудыруда.

БҰҰ хабарлағанындай, АҚШ-тың төлемдік балансытапшылығының ұлғаюы және 2002 жылдан бастап сыртқы қарыздардың өсуі, басқа елдердің валюталарына қарағанда АҚШ доллары бағамын шамамен, 35 пайызға арзандатып,оның төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Баяндамада айтылғанындай, доллардың құлдырауы, АҚШ тарапынан басқа елдердің өнімдеріне деген сұранысы қысқарады. Ал дамушы елдердің біразы шетелдік активтерге ие болғандықтан, доллардың күрт төмендеуі бұл елдердің қомақты қаржыдан айрылып қалуына әкелуі әбден мүмкін.

АҚШ-тың ипотекалық нарығында орын алған дағдарыс, Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің нарығына қатты әсер етті. Жапония мен дамушы елдеріне түскен салмақ жеңілдеу болды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдай басқа елдердің, АҚШ- тың орнына әлемдік экономиканы өркендетіп, дамыту мүмкіндігінің жоқтығын дәлелдейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті