Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі экспорттық мүмкіндігі бәсекелестігінің сапалы жаңа деңгейіне жету жөніндегі жоспарыy мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі экспорттық мүмкіндігі бәсекелестігінің сапалы жаңа деңгейіне жету жөніндегі жоспарыy  мақұлдады

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі экспорттық мүмкіндігі бәсекелестігінің сапалы жаңа деңгейіне жету жөніндегі жоспарыy мақұлдады

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі экспорттық мүмкіндігі бәсекелестігінің сапалы жаңа деңгейіне жету жөніндегі жоспары мен мемлекеттік холдингілерді дамыту тұжырымдамасын толықтай алғанда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2007
  • 534
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің (ЭСК) отырысы өтті.

ЭСК мүшелері Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі экспорттық мүмкіндігі бәсекелестігінің сапалы жаңа деңгейіне жету жөніндегі жоспарының жобасын талқылады.

Сондай-ақ Қазақстанның «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі» АҚ, «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ және «Қазагро» ұлттық холдингі тәрізді мемлекеттік холдингілерді дамыту тұжырымдамасы туралы мәселе қаралды. Аталған компаниялардың басшылары бәсекелестікті және холдингілер қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар белгіленген, корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама жобасын ұсынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті