Жарияланды: 550

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы Істер министрлерінің Кеңесі Ауғанстанды қалпына келтіру шараларының жоспарын бекітті

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы Істер министрлері Кеңесінің 11-маусымда Бішкекте өткен отырысы Ауғанстанды қалпына келтіруге бағытталған 5 жылдық іс-шаралар жоспары мен "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Ауғанстанды қалпына келтіру шараларына қатысуы" атты концепциялық құжатты бекітті. Бұл туралы Қырғызстан СІМ-нен таратқан хабарламада айтылған.

Кеңестің отырысы нәтижесінде Бішкек коммюникесі қабылданып, онда Кеңес Ұйымға мүше-мемлекеттерді Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге халықаралық қауымдастықтың тұрақты қатынасуын қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге шақырды. Осыған байланысты СІМК Ұйымға мүше-мемлекеттерді Ауғанстанды реконструкциялау жөніндегі арнайы қор құру механизмін жасау үшін қаржылық сарапшылар кеңесін тез арада құруға , сондай-ақ, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі мүше-мемлекеттер қолдаған іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған қадамдарды қолға алуға шақырды. Кеңес Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағышталған Ауған үкіметінің талпыныстарына жан-жақты қолдау көрсетуді мүше-мемлекеттерден қадала сұрады. Кеңес Ұйым іс-қызметіндегі жалпы ілгерілеушіліктер барысымен танысты. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының ақырғы мақсат-мүддесін ескерген Кеңес көлік және коммуникация, сауда және инвестиция, энергетика, минералды байлықтар, қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылығы, заңсыз есірткі айналымымен күрес, сондай-ақ, ЭКО-ның басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы саласындағы әртүрлі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру процессінің жандана түскеніне ризашылық білдірді. Аймақтық сауда-саттықты нығайту бағытында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы сауда-саттық жұмыстарын либерализациялау қажеттігі атап көрсетілді. Осыған орай ЭКО Сауда Келісімінің жобасын жасау барысында кездесіп отырған тарифтік және тарифтік емес кедергілерді анықтау жөніндегі сарапшы топтың жұмысы жоғары бағаланды. Аталмыш жоба сарапшы топтың келесі мәслихатында келісіліп, сауда министрлерінің 2003-жылдың 15-17 маусымында Пәкістанда өтетін 2-отырысында қол қойылады дегенге сенім білдірілді. Салалық министрлер мәслихаттарының Ұйым іс-қызметін басқарудағы маңызы Кеңес тарапынан жоғары бағаланды. ЭКО-ға мүше-мемлекеттердің қаржы және экономика министрлерінің бас қосуын тұрақты өткізіп тұру туралы шешім осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға , Ұйымның көздеген маңызды мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізеді дегенге Кеңес сенім білдірді. Кеңес мүшелерінің пікірінше, ЭКО қамсыздандыру компаниясы, ЭКО сауда және даму банкі мен ЭКО ғылыми қорын құру тиісті салалардағы аймақтық ынтымақтастыққа тың серпін береді .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть