Экс-әкім Рысқалиевтің командасы Атыраудағы стадионның жартысын және әкімдік автотұрағын сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-әкім Рысқалиевтің командасы Атыраудағы стадионның жартысын және әкімдік автотұрағын сатып жіберген

Экс-әкім Рысқалиевтің командасы Атыраудағы стадионның жартысын және әкімдік автотұрағын сатып жіберген

Атырауда облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің басшылығы кезінде заңды өрескел бұзудың жаңа фактілері ашылуда.

  • 19 Ақпан 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиевтің хабарлауынша, «Мұнайшы» стадионы жанындағы автотұрақтың бүкіл аумағын және тіпті стадионның жартысын қамтитын жер учаскесі жеке компаниялардың біріне берілгені анықталды. Жер учаскесін алған «Атырау Мульти Сервис» ЖШС оны екінші деңгейдегі банктердің біріне несиеге кепілдікке қойған.

Аумағы 0,25 гектар тағы бір жер учаскесін- облыс әкімдігінің автотұрағы мен Құлманов көшесінің ішінара жүріс бөлігін  «Берат ЛТД» ЖШС тұрғын үй салу үшін алған.

Прокуратура жер инспекциясына бұл жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде талап-шағым беруге, сондай-ақ қаржы полициясына процессуальдық шешім қабылдауға ұйғарым енгізді.


Еске сала кетейік, Атырауда Б.Рысқалиевтің бұрынғы командасындағы шенеуніктер тобына сот үдерісі жалғасуда. Соттталушылар орындығында  22 адам бар. Экс-әкімге және тағы басқа 9 адамға халықаралық іздеу жарияланды.