ЭКСПО аумағында бірде-бір криминалдық жағдай тіркелген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО аумағында бірде-бір криминалдық жағдай тіркелген жоқ

ЭКСПО аумағында бірде-бір криминалдық жағдай тіркелген жоқ

Көрмеге келген шетелдік қонақтар елордалық полицейлерге біріккен үйлесімді жұмыстары үшін алғыс білдіруде, деп хабарлайды Вnews.kz&

  • 5 Шiлде 2017
  • 304
Фото - Caravan.kz

Көрмеге келген шетелдік қонақтар елордалық полицейлерге біріккен үйлесімді жұмыстары үшін алғыс білдіруде, деп хабарлайды Вnews.kz Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық көрме басталғаннан бері оннан астам шетелдік қонақтар тәртіп сақшыларына алғыс білдірген, деп хабарлады медиа орталық тілшісіне ІІД баспасөз қызметінің басшысы С.Қылышбекова.

Күні кеше «Mega Silk Way» сауда-ойын сауық орталығында полицейлер қызметін атқару барысында қымбат зергерлік бұйым тауып алып, жедел иесін анықтаған.

«Қымбат металлдан жасалған білезікті ҚХР азаматшасы абайсызда жоғалтып алған. Қажетті процессуалды іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін сәндік бұйым қайтарылған», — деді С.Қылышбекова.

Естеріңізге салайық, бұл шетелдік қонақтардың тәртіп сақшыларына білдірген алғашқы алғысы емес. Мысалы, полицейлер адасып, қалааралық автобуспен Астанадан өтіп кеткен ағылшын азаматшасын қонақ үйге дейін жеткізген, сонымен қатар, Испанияның екі азаматына таксиде ұмытып кеткен жүгін қайтаруға көмектесті.


«Полицейлердің біріккен, жүйелі жұмысының арқасында көрме алаңында бірде-бір криминалдық жағдай тіркелген жоқ,- деп түйіндеді С.Қылышбекова.