ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты шағымдар бар - Куянов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты шағымдар бар - Куянов

ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты шағымдар бар - Куянов

«Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, бүгінде арнай

  • 28 Сәуiр 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Астана ЭКСПО — 2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, бүгінде арнайы нөмірге арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, билеттерді күштеп сатуға қатысты арыздар бар. Билет сатылымы басталғалы бері республиканың түкпір-түкпірінен осы мәселеге қатысты 300-ге жуық шағым түсті. Шынымен де, ондай арыздардың басым бөлігі расталады. Ондай «маркетингті» жергілікті әкімдіктер жүргізіп отыр. Біз бірден араласып, ондай жағдайларды шешуге тырысамыз. Күшіміз жетпей жатса, құзіретті органдарға тапсырамыз», — деді Куянов бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, көрме билеттерін күштеп сатуға байланысты арыз-шағымдар көп болса да, сол билетті сатып алмағаны үшін біреуді жұмыстан шығарғаны жайында әлі бірде-бір ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, бүгінде ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты барлық ақпаратты 87023326521 нөміріне WhatsApp арқылы жазуға болады. Бұдан бөлек, hotline@expo2017astana.com электронды поштасына арыз түсіруге болады.


 

Соңғы жаңалықтар