ЭКСПО көрмесінің аумағындағы өрт ауыздықталды - ТЖК - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО көрмесінің аумағындағы өрт ауыздықталды - ТЖК

ЭКСПО көрмесінің аумағындағы өрт ауыздықталды - ТЖК

ЭКСПО көрмесінің аумағында салынып жатқан ғимараттағы жалын ошағы толықтай ауыздықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов телефон арқылы хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2016
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Бүгін сағат 11.01-де «ЭКСПО» көрмесінің аумағында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты деген ақпарат келді. Өрт сөндірушілер құрылысы жүріп жатқан нысанның 4-қабатының төбесі мен жылытқыш өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрайды»,-деп хабарлады Р.Иманқұлов.

Астана қаласы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 55 өрт сөндіруші сағат 11.25-те жалынды толықтай ауыздықтап, өрттің өршіп кетуіне тосқауыл қойған.

«Өртті сөндіру үшін 8 негізгі және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ»,-деп мәлім етті Р.Иманқұлов.


23 4