ЭКСПО-2017 аясында «NOMAD WAY» көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 аясында «NOMAD WAY» көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі өтеді

ЭКСПО-2017 аясында «NOMAD WAY» көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі өтеді

11-15 маусымда сағат 17-00-де Астана қаласында «Қазанат» ипподромында орналасқан «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені

  • 7 Маусым 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

11-15 маусымда сағат 17-00-де Астана қаласында «Қазанат» ипподромында орналасқан «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешенінің концерттік алаңында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында «NOMAD WAY» көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

The Spirit of Tengri фестивалі орталық азия өңірінің шығармашылық дәстүрін көрсетуге бағытталған кіші-мәдени жоба болып табылады. Осы жобаның бастамашылары фестиваль аясында өз шығармашылығында этносының ұқсас музыкалық және көркем дәстүрін әртүрлі қалыпта түсіндіретін қазіргі заманғы өнер қайраткерлерін біріктіруді жоспарлайды. Фестиваль этникалық мәдени дәстүрді дамытуға және көпшілікке таратуға бағытталған, қатысушы елдердің мәдени алмасуына және бірігуіне ықпал етеді.

Жыл сайын The Spirit of Tengri ұйымдастырушылары еліміздің тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Дала халқының мәдени мұрасымен және жер шарының түкпір-түкпірінен шырқалған ұлттық этникалық музыкамен таныстыруға бар күш-жігерін салады.

Арнайы мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан қонақтарды, түркі және бауырлас халықтардың музыкалық мәдениет өкілдерін қарсы алады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен The Spirit of Tengri жобасы«NOMAD WAY» музыкалық фестивалін ұйымдастырады.

Концертте «Тиграхауд» тобы (Қазақстан), «Алдаспан» тобы (Қазақстан), «Aббос» тобы (Өзбекстан), «Аргымак» тобы (Башкортостан), Tilla Torok’s Band (Венгрия), Талгата Хасенова ұжымы (Татарстан), Hapanasasa және NAsia әнші тобы (Қазақстан), Namgar тобы (Бурятия), Magic of Nomads тобы (Қазақстан), Shono тобы (Бурятия), Zaman тобы (Башкортостан), Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия), Gulzada (Кыргызстан), Avesto тобы (Тәжікстан), Chyltys және DJ Nariman Issenov (Таулы Шория / Казахстан), Б. Байрышев және А.Чичаков (Алтай), Еділ Құсайынов және Satzhan Project (Қазақстан), Ayrkhaan тобы және DJ Nariman Issenov (Якутия / Қазақстан), Радик Тюлюш және «Чалама» тобы (Тува), Baba Zula (Түркия).


Бұл белгілі шетел және қазақстандық музыканттар үлкен музыка майталмандары болып табылады және мәдениет саласында бірқатар еңбек сіңірген. Топтар мен солистер қазіргі заманғы музыканттардың бабалар мұрасын қайта сезіне білудің жаңа деңгейін көрсете білді. Олардың шығармшылығы түркі мәдениеті мен қазіргі заманғы музыкалық бағыттар – джаз, рок пен фанк қоспасы. Музыканттардың халық әнін немесе өз туындыларын орындаған кезде өзгеріссіз қалатыны – кәсіби шеберліктері мен бай халық мұрасына деген құрмет.

Айшықты өзіндік мәдени дәстүрлердің тоғысуы фестивальдің айрықша мерекелік атмосферасын құруға мүмкіндік береді.