ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ҚТЖ қызметкерлері ағылшын тілінде сөйлейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ҚТЖ қызметкерлері ағылшын тілінде сөйлейтін болады

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ҚТЖ қызметкерлері ағылшын тілінде сөйлейтін болады

Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай шипажайы вокзалдарының қызметкерлері «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмесіне дайындық аясында ағылшын тілін оқитын болады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметінен.

  • 25 Наурыз 2016
  • 827
Фото - Caravan.kz

Вокзал кезекшілері, анықтама қызметінің жұмыскерлері, дикторлар ағылшын тілін ағымдағы жылдың екінші жартысында оқи бастайды. Оқыту барысында теміржол саласының тілдік ерекшелігі есепке алынған әдістемелер қолданылады. Бұл қазақстандық вокзалдардың қызметкерлеріне шетелдік жолаушыларға қызмет көрсету сапасын өсіріп, оларға билеттерді сатып алу, бағдарларды анықтау кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында теміржол вокзалдарында арнайы баннерлер, тақырыптық бейнероликтер орналастырылады.


Вокзалдарда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне билеттер сататын кассалар ашу жоспарланып отыр.