Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров мәлімдеді.
Астана әкімдігінде өткен кеңесте ол елорда полициясы шетелдік әріптестерінің тәжірибесін үйреніп жатқанын атап көрсетті.
Сонымен қатар, ол ішкі істер департаменті құрылымында аудармашылар құрамын жасақтау жоспарланып отырғанын, бұл шетел азаматтарынан қылмыс туралы келіп түскен мәліметке жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Кеңесте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астананың тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс екенін атап көрсетті.
Әкім көше қылмысының жағдайына назар аударуды, қаланың қылмыс көп орын алатын жерлерінде жұмысты күшейтуді, көңіл көтеру орындарының әкімшіліктерімен заң бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар өткізуге тапсырма берді.