«Бүгінде құрылыс алаңдарына 10 мың жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен бірге 30 мың адам барша Қазақстан бойынша кәсіпорындарда қызмет етуде. Олар осындағы нысандарға қажетті туарларды даярлаумен және жеткізумен, сондай-ақ қызмет көрсетумен айналысуда. Құрылыс саласындағы адамдар күнделікті белгілі бір проблемалар туындайтынын жақсы біледі. Дегенмен де біз бүгінде құрылыс қарқынының бәсеңдетпей, оны жалғастыруға ниеттіміз», — деді А. Есімов.
Бұдан бөлек, ол шығыстарды оңтайландыру тұрғысында тиісті шаралар жүріп жатқанын атап өтті.
«Бұдан бұрын хабарланғандай, біз шығыстарды 131 млрд теңгеге қысқарттық. Қазіргі кезде бұл жұмыстар жалғасуда»,-деді басқарма төрағасы.