«ЭКСПО-2020» көрмесі Дубайда өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО-2020» көрмесі Дубайда өтетін болды

«ЭКСПО-2020» көрмесі Дубайда өтетін болды

«ЭКСПО-2020» көрмесін өткізетін жерді анықтау үшін Парижде өткен дауыс берудің қорытындысында оған қатысуға үміт білдіргендердің арасынан Дубай қаласы таңдалды.

  • 28 Қараша 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz

Дауыс беру үш кезең бойынша өткізілді. Қорытынды кезеңде төрешілерге Ресейдің Екатеринбургі мен Әмірліктердің Дубай қаласы арасында таңдау жасау керек болды. Дауыс беру салтанатын әмірліктің БАҚ-ры белсенді түрде трансляциялады: телеарналар арқылы Парижден тікелей трансляция жүргізіліп, ал әлеуметтік желілер арқылы DubaiExpo2020 хештегі танымал болды.

Сонымен бірге, БАӘ билігі бұл күндері Дубайда және бүкіл ел бойынша «ЭКСПО-2020» жеңісін тойлау және осы күнмен тұспа-тұс келген елдің тәуелсіздігі күніне байланысты мерекелік бағдарламалар өткізілетіндігін жариялады.