ЭКСПО-ның ашылу салтанатына 2 мыңнан астам БАҚ өкілі келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-ның ашылу салтанатына 2 мыңнан астам БАҚ өкілі келді

ЭКСПО-ның ашылу салтанатына 2 мыңнан астам БАҚ өкілі келді

Бүгін Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанаты қарсаңында насихат жұмыстарымен айналысатын БАҚ өкілдері ЭКСПО-ның медиа орталығына жиналды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

  • 9 Маусым 2017
  • 298
Фото - Caravan.kz

Мұнда журналистердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалған деп айтуға толық негіз бар.

"Жалпы, көрменің ашылу салтанатына 2 мыңнан астам журналист келді. Оның мың жарымы қазақстандық журналистер. Бүгін 700-ге жуық шетелдік тілшілер аккредитациядан өтті. Бұл көрсеткіштің саны өсуі әбден мүмкін" — дейді ЭКСПО-ның баспасөз қызметі.

Журналистер санының артуының да өзіндік себебі бар. Қарапайым халықты былай қойып, көрмені тамашалауға құштар БАҚ өкілдерінің қарасы көп.


Соңғы жаңалықтар